Стипендия тағайындалды
Стипендия тағайындалды

ҚР Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен «500 ғалым» бағдарламасы аясында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін Академияның 3 қызметкері стипендия тағайындалды

1. Кулбаев Айбол Тиналиевич, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор - Польша елінің Быдгощ қаласының Экономика университетінде Білім берудегі менеджмент бағдарламасы бойынша;

2. Кенжин Жаксат Болатович, академиялық қызметтер департаментінің директоры - Польша елінің Быдгощ қаласының Экономика университетінде Білім берудегі менеджмент бағдарламасы бойынша;

3. Капанова Дамели Енсебековна, әлеуметтік гуманитарлық пәндер депаратаментінің директоры - АҚШ-тың Дэвис қаласындағы Калифорния университетінде Білім берудегі менеджмент бағдарламасы бойынша.

Комиссия шешіміне сәйкес Қазақстан бойынша 481 үміткерге стипендия тағайындалды

Еліміздің саласының дамуына үлес қосып жатқан оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!??

Жемісті жұмыс жасап, жаңа белестерді бағындыруға, тағылымдаманы сәтті аяқтауға және Академиямыздың дамуына үлес қосуға тілектеспіз

sagynndyq 22 resized sagynndyq 58 resized sagynndyq 61 resized

▲